Семейде оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшірілді

27.12.2023 в 09:36

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғақ болды

27 желтоқсанда Семейдегі мектептердің бірінші ауысымының 1-11-сыныпқа дейінгі оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғақ болды. Бірінші ауысымдағы барлық мектеп оқушылары мен колледждердің тоғызыншы сыныптан кейін түскен 1 және 2 курс студенттері онлайн оқуға жіберілді. Бұл туралы AbaiNews облыстық білім басқармасына сілтеме жасап жазды.

Қостанай облысында да қатты жел мен көктайғақ салдарынан бүгін 1- ауысымдағы нөлінші сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр.

Оқи отырыңыз: Биыл елімізде 154 мектеп ашылды: 26 желтоқсанда болған маңызды оқиғалар