Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды

20.02.2024 в 09:51

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары 20 ақпанда қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, өңірде ауа райы нашарлайды деп болжанды.

Бұған дейін Қазақстанның жеті облысында 20 ақпанда дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді.

Осы ретте 19 ақпанда Астанада бірінші ауысымдағы мектеп пен колледж оқушыларының да қашықтан білім алғанын айта кетейік.

Оқи отырыңыз: Қазақстан аумағы бойынша синоптиктердің маусымдық ауа райы болжамы жарияланды