Екібастұзда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшті

20.02.2023 в 09:55

Қосымша білім беру ұйымдарында да сабақ онлайн форматта өтеді

Екібастұз оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, колледж студенттері 20-24 ақпан аралығында үйден оқиды. Қосымша білім беру ұйымдарында да сабақ онлайн форматта өтеді.

"Екібастұзжылуэнерго" мәліметі бойынша, бүгінде қаланы жылумен қамту оңтайлы параметрлерге жеткізілген. Алайда білім беру ұйымдарын жылытып, қажетті температуралық режимге қолжеткізу үшін уақыт қажет. Білім беру ұйымдарында күн сайын температураны бақылау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес температуралық режимге қолжеткізгеннен кейін мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдары оқытудың тұрақты режиміне көшіріледі", - делінген Екібастұз қалалық білім басқармасы хабарламасында.

Балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейтіні атап өтілді.