Медеу ауданында жаңа мектептер салынады

02.03.2023 в 09:58

Бұл туралы қала әкімі Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр. Кездесу барысында қала әкімі Медеу ауданында жаңа мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Оның айтуынша, биылғы жылы №48 мектеп жаңартылып, оған 250 орындық қосымша корпус салынады және №131 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, сейсмикалық жағынан күшейтіледі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа күре жолының оңтүстігіне қарай «Шығыс қақпасы» жаңа полицентрдың аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынады. Құрылыс жұмыстарын бастау IV тоқсанға жоспарланған», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, жеке инвестордың қаражаты есебінен Думан шағынауданында 1200 орындық мектеп салу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталады.