Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді

18.02.2023 в 10:26

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 стипендия бөлінеді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша барлығы 555 стипендия, оның ішінде магистратураға 395, резидентура және докторантураға 50, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия қарастырылған.

Отырыста шетелде тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясын тағайындау мәселесі де қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес 25 азаматқа стипендия берілді.

Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасады.