Әуезов ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр

13.10.2022 в 10:32

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы халқымен кездесуінде мектептердегі орын тапшылығының қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, оқушылар орындары тапшылығын төмендету мақсатында мектеп салынған.

«1 қыркүйекте №117 және 132 мектептерге қосымша салынған 1 725 орындық 2 құрылыс пайдалануға берілді, сондай-ақ 4 шағынауданда 400 орындық «Достық» жеке меншік мектебі ашылды. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде құрылыс салушы Everest Development №104 мектепке 400 орындық қосымша құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың II-тоқсанына жоспарланған. Алдыңғы кездесуде атап өткенімдей, салынып жатқан City plus және «Белкамит» тұрғын үй кешендері жанында құрылыс салушы (Қазақстрой) 1500 орындық 2 жаңа мектеп және 800 орындық 2 балабақша салуды жоспарлап отыр. 4 мектепте (№122, 127, 141, БИЛ, осы мектептегі жалпы орын саны – 3 686) сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар 2023 жылдың IV-тоқсанында аяқталады», – деді Алматы әкімі.