Мегаполистен өзге өңірлерге: Асхат Аймағамбетов Алматы әкімдігіне алғыс білдірді

25.08.2022 в 10:59

25 тамызда Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады

«Алматыда басталған пилоттық жобалар өзге өңірлерге таратылады». Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»  атты тамыз конференциясында айтты деп хабарлайды Almaty.tv.

25 тамызда Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады.

«Алматыда басталған пилоттық жобаларды басқа өңірлерге тарату жұмыстарын жүргіземіз. Біз үшін қызық пилоттық жоба мектептердің автобустары бойынша. Үлкен қалаларға, Елордамызға да, халық көп шоғырланған елдімекендерге өті маңызды жақсы жоба болады деп санаймын. Екіншіден, мектептегі балалардың тамақтануы олардың денсаулығына, үлгеріміне де үлкен септігін тигізеді. Алматы қаласында балалардың мектепте тамақтауы бойынша жаңа пилоттық жоба басталып жатыр. Осы пилоттың нәтижесін көреміз. Мемлекет басшысы «Балалар жылына» байланысты әкімдерге бірнеше тапсырма берді. Алматы қаласында өте маңызды шешім қабылданды.  Ол – 1-4 сынып оқушыларын толғымен ыстық тамақпен қамту. Оқу-ағарту министрлігі атынан Ерболат Асқарбекұлына алғысымды білдіргім келеді», –  деді министр.

«Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы тікелей эфирде өтіп жатыр.