Алматыда Асхат Аймағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуі өтеді

07.10.2022 в 11:07

Кездесу Оқушылар сарайында өтеді

7 қазан күні сағат 15.00-де Алматы қаласының Оқушылар сарайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу өтетін орын: Алматы қаласы Оқушылар сарайы (Достық даңғылы, 124)