Қазақстан педагогтарының табысы 50% артты

13.09.2023 в 12:29

220 мың маман қосымша ақыға қол жеткізді

Қазақстанда 350 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Олардың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді.

Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жылда педагогтардың жалақысы 100%, яғни екі есеге артты. Сонымен қатар 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтарының еңбекақысы 30% өсті.

Оқи отырыңыз: Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлау үшін Telegram бот іске қосылды