Алматы колледждерінде WorldSkills Almaty-2022 өңірлік чемпионаты басталды

11.05.2022 в 14:51

Жұмысшы мамандықтарын танымал ету және WorldSkills Kazakhstan ұлттық қозғалысын қолдау

«Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде, жұмысшы мамандықтарды танымал ету және «WorldSkills Kazakhstan»  Ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында, 2022 жылғы 11 мамырдан 20 мамырға дейін Алматы қаласы колледждерінің алаңдарында «WorldSkills Almaty – 2022» құзыреттіліктері бойынша аймақтық чемпионатты басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, тәжірибе алмасу және шеберлік дағдыларын дамыту.

Чемпионатқа 51 құзыреттілік бойынша 350-ден астам жас мамандар қатысады. Чемпионат 2022 жылдың 12-19 мамыр аралығында Алматы қаласының 21 колледжінің базасында өткізіледі.

Ашылу күні, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының фойесінде сағат 13:00-ден 14:50-ге дейін Алматы қаласының оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау мақсатында ТжКББ мамандықтарының көрмесі өтті.

Жалпы қамтылуы: 2 500-ден астам 9-11 сынып оқушылары

«WorldSkills Almaty – 2022» аймақтық чемпионаты келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1. Инженерлік және өңдеу технологиялары

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

3. Қызмет көрсету саласы

4. Білім

5. Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету

Мақсатты аудитория:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері

2. Сарапшылар

3. Оқушылар

4. Әлеуметтік серіктестер

5. Алматы қаласының жұмыс берушілері

Чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі DeafSkills және Абилимпикс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау болып табылады. Чемпионат шеңберінде 4 құзыреттілік бойынша 25-тен астам адам Deafskills және Абилимпикс құзыреттіліктерінен қатысады.