Almaty bilim berý forýmy - 2021: Сингапурлік педагог оқыту жүйесіндегі ата-ананың рөлі туралы айтты

25.08.2021 в 13:48

Пандемия кезінде мұғалімдер онлайн жақсы жұмыс атқарды – Майк Тируман

«Алматы мектептері постковидтік  кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форумға халықаралық және қазақстандық спикерлер, білім саласына жаңалық енгізген қала мен еліміздің ұстаздары, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сингапур мұғалімдер одағының Бас хатшысы Майк Тируманның айтуынша,  біз ұстаздарға алғыс айтуымыз керек. Пандемия кезінде мұғалімдер онлайн жақсы жұмыс атқарды. Негізі білімі төмен және тәртібі нашар оқушылармен онлайн жұмыс істеу өте қиын.

«Әрине, ата-аналардың білім беру үдерісінің, технологияны қолданудың қатысушысына айналғанын түсінеміз, оның артықшылығы да бар және бұл жай ғана білім беру ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің маңызды рөлін түсіну, сонымен бірге індет кезінде көзімізді ашқан кей мәселелер мен оқыту тәсілі екенін білдік.  Мұғалімнің сыныптағы жұмысы ғана емес, бәріміздің қоғам мүшесі ретіндегі жұмысымыз екенін ұғындық», – деп атап көрсетті Майк Тируман.

Педагог оқу саласына қатысы бар адамдардан білім беру қызметінің деңгейі мен сапасын арттыруға жағдай жасауды ұсынды.