Бостандық ауданындағы мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығы қалай шешіледі

14.04.2022 в 15:17

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданында халықпен кездесуі барысында айтты

Халық санының өсуіне және тұрғын үй құрылысының «қарқынды» жүруіне байланысты әлеуметтік инфрақұрылымның айқын дамымауы және қоғамдық кеңістіктердің жетіспеуі байқалады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданында халықпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі таңда Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 19 600 асады (19 611 орын), оның 3 300-і Бостандық ауданында. Алматы балабақшаларына 1-6 жас аралығындағы кезек 41 200 орынды, оның 2400-і – Бостандық ауданында. Бұл ретте Бостандық ауданында осы жылдың 1 сәуірінде 60 мектеп (34 мемлекеттік және 26 жеке меншік) және 75 балабақша (30 мемлекеттік және 45 жеке меншік) жұмыс істейді.  

«Қазіргі таңда мемлекеттік жер қорында әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ демалу орындары мен қоғамдық кеңістіктерді салу және кеңейту үшін бос жер учаскелері жоқ екенін айтуға мәжбүрмін. Осы жағдайды ескере отырып, біз бұл проблеманы тек құрылыс салу немесе кеңейту немесе ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен сатып алу арқылы шешетін боламыз», – деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, әкімдік қазіргі 1 320 орындық мектептерге 5 қосымша құрылыс салып, соның ішінде осы жылдың соңына дейін 1020 орындық 4 мектеп кеңейтілімі (№125,146, 191 мектептер және №9 арнаулы интернат) пайдалануға береді. №65 мектепке 300 орындық 1 кеңейтілім 2023 жылдың 3 тоқсанында беріледі.

«Біз қазір жеке меншік колледжге тиесілі №94 мектеп ғимаратының бір бөлігін сатып алуынын қарастырып жатырмыз, бұл қосымша 600 оқушы орнын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте ауданда оқу жылының басында жаңадан мектепке келетін оқушы саны шамамен 1000 баланы құрайтынын ескеру қажет. Әзірге оқу орын тапшылығы сақталады, бірақ бұл мәселені әзірленіп жатқан 2022-2024 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту жоспары арқылы шешуге күш-жігерімізді саламыз», деді қала әкімі.