Мектеп бағдарламасына қаржылық сауаттылық курсы енгізіле ме

31.10.2023 в 15:26

750 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарланған

Халықтың шамадан тыс несие алуын төмендету үшін жоғары оқу орнының студенттеріне қаржылық сауаттылық курсын енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Қаржы министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір мектеп оқушыларына да қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курс әзірленуде. Осы мақсатта тиісті әдістер мен оқу құралдары дайындалатын болады. Нәтижесінде, 750 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр