Алматыда 1 қыркүйек күні қанша оқушы мектепке барады

01.09.2022 в 09:00

Биыл 31 000-нан астам бала 1-сыныпқа барады

Бүгін Алматыда 300 000-ға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайдың айтуынша, қаланың орта білім беру саласына 301 мектеп кіреді. Оның 210-ы мемлекеттік және 91-і жеке меншік.

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыру енгізіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жыл соңына дейін 5,3 млрд теңге бөлінді.

Оқу жылының басынан бастап мегаполис толығымен екі ауысымды оқыту нысанына көшеді.

Алматыда көк түсті мектеп формасы орнатылды.