ҰБТ-ның тегін сынақ тестілеуі іске қосылды

20.04.2022 в 17:28

Мұғалімдер prob-nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы сынақтан өте алады

Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы сынақ тестілеуден онлайн әрі тегін өтуге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Тестіленуші сынаққа қатысу үшін prob-ent.testcenter.kz сайтында ЖСН-ін енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Талапкер сынақ тестілеуінен өту кезінде тест тапсырмаларымен танысып, таңдалған пәндер бойынша өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алып отыр. 

Сондай-ақ онлайн сынақ ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді. Мұғалімдер prob-nqt.testcenter.kz сілтемесі арқылы сынақтан өте алады.

Tags: ҰБТ