Б. Сағынтаев AlmaU, Arizona State Universitу мен Cintana Alliance өкілдерімен білім беру жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

09.03.2021 в 18:52

Инновацияны дамыту, smart-city, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру

Алматы әкімі Б. Сағынтаев AlmaU, Arizona State Universitу мен Cintana Alliance өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Кездесу барысында   білім беру жобасын іске асыру, инновацияны дамыту, smart-city, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері талқылаған.

«AlmaU, Arizona State Universitу мен Cintana Alliance өкілдерімен өткен кездесуде бірлескен білім беру жобасын іске асыру, инновацияны дамыту, smart-city, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелерін талқыладық», - деді Б. Сағынтаев.