Алматыда ақпараттық интерактивті кітаптың тұсаукесері өтті

14.04.2022 в 21:35

Кітапта IT технологияның соңғы үлгілері қолданылған

Алматыда «Орал қаласының тарихы» атты ақпараттық интерактивті кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, жазушылар мен тарихшылар қатысты. Бұл туындыны шығарудағы мақсат Орал қаласының тарихын, оның дамуы мен өркендеу жолдарын зерделеу. Еңбекте шаһар қалыптасуының ежелгі кезеңінен бүгінге дейінгі мол мәліметтер енгізілген. Туындыда оқырманды қызықтыру үшін технологиялар ұтымды пайдаланылған.

«Бұл кітаптың ерекшелігі - IT технологияның соңғы үлгілері қолданылған. Цифрлік жағынан бұл кітаптың алғы сөзінен бастап ішіндегі Жайық қаласынан табылған жәдігерлерімізді 3D моделін электронды гаджеттер арқылы тамашалауға болады», – деді Орал қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.