Алматыда жылдам оқу дағдысын үйрететін кітап жарық көрді

08.10.2021 в 21:56

Жылдам оқу дағдысын 21 күнде үйретуге жоспарланған кітап ерекше дизайнмен жасалған

Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша алғаш рет жылдам оқу дағдысы бойынша жаттығулар жиынтығынан тұратын «Жылдам оқытқыш» кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Z ұрпағына арналған кітап 9 бен 15 жастағы жасөспірімдердің ақпараттарды дұрыс қабылдауы мен оны жүзеге асыруына көмектесу мақсатында шығарылып отыр. Жылдам оқу дағдысын 21 күнде үйретуге жоспарланған кітап ерекше дизайнмен жасалып, авторлық жаттығу техникаларынан құрастырылған.

«Ақпаратты жылдам сұрыптау үшін ең қажет дағдының бірі – жылдам оқу» дейді кітап авторлары.   

«Жылдам оқытқыш» кітабы ақпарат тасқынының астында қалған қазіргі уақытта балалардың адасып кетпей, өмірде өз орнын табуына көмектессе деген ниетпен жазылды. Кітап бірнеше тапсырмадан тұрады, ол тапсырмалардың ішінде мәтіндік тапсырмалардың әдістемесін өзім құрастырып шықтым», – дейді кітап авторы Айдос Жұманазаров.