Алматыда 20 жасар қыз жоғалып кетті

09.04.2023 в 00:46

Полиция дереу іздестіру жұмыстарын бастады, оларға еріктілер де қосылды

Алматыда Сидорова Арина Сергеевна есімді бойжеткен жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туыстарының айтуынша, 2002 жылы туған  Сидорова Арина 8 сәуір күні сағат 17:00-ден бері жоқ.

Үстіне сары күрте, қоңыр леггинс және сұр кроссовка киген. Шашы өрілген.

Полиция дереу іздестіру жұмыстарын бастады, оларға еріктілер де қосылды.

Бойжеткен жақын арада табылып, жақындарына қайтарылады деп сенеміз.