Қазақстандық боксшы қолында баласы бар адамды соққыға жыққан

12.07.2023 в 01:35

Оқиға Астана кафесінің бірінде болған

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Қазір осы іспен айналысып жатырмыз. Бәрі сараптама арқылы анықталады. Қылмыстық іс қозғалды. Иә, видеодағы боксшы Бейбіт Шүменов. Әзірге сараптаманы күтейік", - деді Сұнтаев.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.

Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.