1 қазан – Халықаралық қарттар күні

01.10.2021 в 08:15

Халықаралық қарттар күні елімізде жыл сайын аталып өтіледі

Бүгін - Халықаралық қарттар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде жыл сайын атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы мереке аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қарттарға арналған ауқымды шараның бірі «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы қолға алған жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланған. Жоспарға сай онда егде жастағы жандар бос уақытын өткізе алады. Аталған орталықта ағылшын тілін үйрену, компьютерлік сауаттылық курстарынан өту, емдік дене шынықтыру, би және тағы басқа шараларды өткізу қарастырылған.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген статистикаға сүйенсек, бүгінде елімізде 2 млн 236 мың қарт жан (зейнет жасындағы) бар.