Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден озды

18.09.2021 в 08:30

Қаралы хабарды ақын Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова жеткізді

Белгілі ақын, жазушы, драматург Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов өмірден озды. Қаралы хабарды ақын Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл заман не болып кетті?! Бүгін Мұхтар аға мен Розалинда жеңгеміздің ұлы, аузын ашса жүрегі көрінетін, асыл ініміз Рауан Шаханов Мұхтарұлынан айырылып қалдық», – деді С. Айбергенова.

«Алматы» телеарнасының ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады!

Tags: жазушы