Алатау ауданы әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын екенін айтты

25.08.2021 в 08:53

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің ресми хабарламасы

Алматының Алатау ауданы әкімдігі «Хабар-24» арнасының журналисімен болған жанжалға қатысты пікір білдіріп, күзетшінің әрекеті дұрыс еместігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Естеріңізге сала кетейік, кеше түсірілім тобы мен ғимарат күзетшісінің арасында келіспеушілік болып, соңы үлкен дауға ұласқан болатын. 

Ал, Алатау ауданының әкімі ол уақытта жұмыста болмағанын және ғимаратқа кез келген адамның маскамен әрі Ашық бағдарламасымен тіркеліп кіруі міндетті екенін айтады. Одан бөлек істің ақ-қарасын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, қызметтік тергеу жұмыстары басталыпты. 

«Халық нысандарына, халыққа қызмет көрсететін орталықтарға ену үшін Ashyq қосымшасы жұмыс істейді. Бұл ереже барлығына бірдей. Қазір комиссияның қорытындысын күтеміз. Тек қана күзет қызметшісін ғана емес мемлекеттік қызметкер де осыған жауапты болған жағдайда жауапқа тартылады», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.