Бүгін – Радио қызметкерлері күні

01.10.2021 в 08:54

Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған болатын

Бүгін – Радио қызметкерлері күні.  2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы тарихи негізді алға тарта отыра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.

«Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжанып отыр», – делінген жазбада.

Айта кетейік, Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған болатын.