Наурызда қазақстандықтар неше күн демалады

03.02.2024 в 09:00

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады

Қазақстандықтар 2022 жылдың наурызында 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз.

Биыл 8 наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні, ал дүйсенбі, 7 наурыз демалыс күні болады.

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді, 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар қатарынан бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады.