Жалға берілетін пәтер бағасы қаншалықты төмендеді

04.11.2022 в 09:18

Жалға берілетін баспана шекараға жақын қалаларда арзандаған

Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы қазан айының ортасынан бері орташа есеппен 20 пайызға түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Krisha.kz порталына сілтеме жасап.

Портал мәліметіне сенсек, жалға берілетін баспана шекараға жақын қалаларда арзандаған: 

Петропавлда 41 пайызға;

Ақтөбеде 36 пайызға;

Павлодар мен Оралда 32 пайызға. 

Елордада жалдамалы пәтер бағасы 22 пайызға арзандаса, Алматыда 11 пайызға төмендеген.

Сондай-ақ, дүрбелең кезеңге дейін (1 қыркүйек) Қазақстанда пәтер жалдау орташа есеппен әлі 25 пайызға қымбат. Астана мен Алматыда бүгінде жалға алу қыркүйектен бері 28 және 33 пайызға жоғары.

Портал мәліметінше, ең қымбат жалдамалы пәтерлер Алматыда - бір бөлмелі пәтер айына орта есеппен 250 мың теңге, ал Талдықорғанда ең арзаны - бір бөлмелі пәтер 80 мың теңгеден.