Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

14.03.2024 в 08:19

Президент бұл күнді төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүр екенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Оқи отырыңыз: Бүгін – Көрісу күні