Жалғызбасты әке 14 жастағы туған қызын бір жыл бойы зорлап келген

30.05.2019 в 09:39

Ол алты баланы тәрбиелеп отыр

Ресейде Амангелді Дүйсенбаев алты баланы тәрбиелеп отыр. Сырт қарағанда әкесі бала-шағасын бағып отырған азамат секілді көрінеді. Ал, шындығын ақиқаттың екінші жағы бар.

Ресейге Орта Азиядан көшіп барған ер адам 6 баласымен тұрады. Ол өзінің 14 жастағы қызын зорлап, оның үлкен әпкесіне де азғындық жасаған, деп жазды SN.KZ.

Қылмыстың беті кездейсоқ ашылды. Амангелді Дүйсенбаев бірде қыздарының желідегі хаттарын оқып, 18-20 жастағы қыздарының пәк емес екенін біледі. Осыдан соң ашуға бой алдырып, қыздарын ұрып-соғады.

Қыздар қорлыққа шыдай алмай, әпкесіне қашып барады. Үйінде не жағдай болып жатқанын бүкпесіз айтып береді. Туыс әпкесі есін жиған соң, болған жайтты полицияға хабарлайды.

Челябинск облысы бойынша тергеу басқармасы оқиғаға қатысты кейінірек пікір білдіретінін мәлімдеді.