Президент Жолдауы «Алматы» арнасының тікелей эфирінен көрсетіледі

01.09.2022 в 08:07

Сағат 11:00-де басталады

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады» делінген хабарламада.

Президент Жолдауын 1 қыркүйек күні 11:00-де «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен көріңіздер.