Алматыда әлеуметтік жауапты бизнес азық-түлік бағасын төмендетті

20.01.2022 в 09:58

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы толық ақпаратты мына сілтемеден алуға болады

«ПТО Ер-Төстік» ЖШС компаниясы өзінің жеке сауда дүкені арқылы қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан төмен бағамен сатуға дайын екендігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы» СПК» АҚ мен компания арасында Меморандумға қол қойылып, Алматы қ., Радостовец көш., 89 адресы бойынша келесі азық-түлік тауарларды төмендетілген бағамен сатады:

• 1 сорт ұн бағасы 115 теңге/кг;

• 1-ші санаттағы тауық жұмыртқасы 290 теңге/10 дана;

• тауық еті 750 теңге/кг;

• қант 250 теңге/кг.

Осы дүкенде келесі өнімдер де сатылады:

- жоғары сапалы ұн - 130 тг/кг,

- таңдалған жұмыртқа - 350 теңге/10 дана,

- бройлер тауықтары – 890 теңге/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы толық ақпаратты мына сілтемеден алуға болады: www.almatyazyk.kz.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша шағын сауда орындарының иелері үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірушілерден тікелей жеткізу үшін сенім телефоны ашылды: +7 707 787 9535.