Әуезов ауданының 4 учаскесінде су құбыры мен кәріз желілері жаңартылады – Ерболат Досаев

26.01.2023 в 10:17

2022 жылы маусым айында ауданның 4 ең проблемалық учаскесінде сумен қамту және су бұру желілерін салу мен жаңғырту жобалау басталған

Сумен қамту және кәріз желілерін жаңғырту туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 2022 жылы маусым айында ауданның 4 ең проблемалық учаскесінде сумен қамту және су бұру желілерін салу мен жаңғырту жобалау басталған. Достық, Мамыр-4 шағынауданы, «Саин – Шаляпин – Жандосов – Қарғалы өзені» көшесінің бөлігі, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная көшесінің учаскесі. Осы учаскелердегі су құбыры және канализация желілері 1960-1970-ші жылы салынған, 80%-дан астамы тозған.

«2022 жылы 21 қарашада Достық шағынауданында 22 көше бойынша жоба сараптамасының оң қорытындысы алынды. Жергілікті бюджетті бірінші нақтылаудан және конкурс жарияланғаннан кейін осы жылдың 2-ші тоқсанында желілерді салу жұмысы басталады. Мамыр-4 шағынауданы бойынша 2023 жылдың маусым айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, сараптама алынады, Арычная, Ықылас, Западная көшесінің учаскесі бойынша 2023 жылдың наурыз айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, сараптама алынады. Құрылыс осы жылдың 3-ші тоқсанында басталады», – деді қала әкімі.

Сондай ак «Саин – Шаляпин – Жандосов – Қарғалы өзені» көшесінің бөлігі бойынша 2023 жылдың тамыз айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың IV-ші тоқсанында бастау жоспарланғанын мәлімдеді.

«Сіздердің ауданда жоғары аталған осы жобаларды 2024 жылдың соңына дейін іске асыру. 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және канализация желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Ерболат Досаев.