Қазақстандықтар 7 мамыр мен 9 мамырда неше күн демалады

05.05.2023 в 11:26

Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мамыр айында атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Демек жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына қазақстандықтар дүйсенбі 8 мамырда демалады.