Медеу ауданында биыл 13 балабақша ашылды

08.12.2022 в 10:30

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді

Биыл 747 орындық жаңа 13 балабақша ашылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2022 жылы 400 орындық 2 жеке меншік балабақшаны коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізілді. Оның бірі  «Ақмарал» балабақшасы (120 орын)  осы қараша айынан бері жұмыс істеуде. Екінші «Әйгерім» балабақшасы (280 орын) күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде, жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады. Сонымен қатар №112 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуге сараптаманың қорындысы бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың І тоқсанында басталады», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.