Болат Назарбаев өмірден озды

13.11.2023 в 11:14

Тұңғыш президенттің інісі 70 жаста еді

Болат Назарбаев өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қаралы хабарды Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы растады.

«2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09:51-де Болат Назарбаев қайтыс болды»,- деп хабарлады Президент Іс басқармасы Орталық ауруханасының баспасөз қызметінен.

Сондай -ақ ақпаратты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өз парақшасында растады.

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев 71 жасқа қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан дүниеден озды», - деп жазды ол.