Ақтөбе облысында эвакуация аяқталды

12.04.2024 в 11:17

Тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді

Ақтөбе облысында құтқарушылар жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады. Тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елдімекенін су басу қаупі туған.

Оқи отырыңыз: ҰҚК 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті