Тарихи отанына оралған 800-ден астам қазақ қандас мәртебесін алды

16.02.2021 в 11:25

1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%, еңбекке қабілетті жасқа жетпегені 21,4% және зейнеткерлер 19,8%

2021 жылдың басынан бері 800-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР-дан, 6,3% – Түрікменстаннан, 4,2% – Моңғолиядан және 4,3% – басқа елдерден келген», – делінген хабарламада. 

Ведоствоның мәліметінше, келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларына қоныстанған. 

1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%, еңбекке қабілетті жасқа жетпегені 21,4% және зейнеткерлер 19,8%.