Қаңтар оқиғасында 1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимаратқа залал келтірілді

14.03.2022 в 12:03

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қаңтар оқиғасы кезінде 1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимаратқа залал келтірілгені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимаратқа зақым келтірілді. 765 автокөлік өрттенген, олардың арасында өрт сөндіру мен жедел жәрдем, полицияның әрі азаматтық көліктер бар. Азаматтар мен бизнеске, мемлекетке миллиардтаған шығын келтірілді», – деді ол.