ҚР Президенті 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

28.08.2021 в 11:38

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», –  деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 28, 2021

Tags: траур