«Мегадағы» күдікті қорап бос болып шықты

11.10.2019 в 11:39

Қораптан ешқандай қауіпті зат табылған жоқ

«Мега» сауда үйінен табылған қораптан ешқандай қауіпті зат табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан «Мега» сауда үйінен табылған қорап бос болып шықты.

Бұған дейін Алматыдағы Мега сауда үйінен адамдар қауіпсіз жерге шығарылып жатқанын хабарлаған едік.