|
10.11.2021 | 11:47
5267

Ақтөбеде зейнеткер немересін сотқа берді

Сот шартты бұзу және мүлікті зейнеткерге қайтару туралы шешім қабылдады

Ақтөбеде зейнеткер немересін сотқа берді

Ақтөбелік зейнеткер туған немересін үйдің жартысына айырбастау мақсатында жасалған өмір бойына асырау туралы келісімді бұзғаннан кейін сотқа берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, зейнеткер - бірінші топтағы көру қабілеті нашар мүгедек, немересіне құрылыс нысандары бар аумақты қамтитын үйдің жартысын берген. Өмір бойы асырау туралы шарт жасалған, ал немересі атасын азық-түлікпен, киіммен, дәрі-дәрмекпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етуге, тұратын орын беруге міндетті болған. Нәтижесінде, ол шартты бұзып, зейнеткерді жазғы асүйге шығарып жіберген, онда өмір сүруге толық жағдай болмаған, су, кәріз құдығы жоқ, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген.

"Сотта жауапкер талапты мойындамады, сондай-ақ, шарттық міндеттемелердің өз деңгейінде орындалғанын дәлелдей алмады. Оның үстіне, немересі атасына көмектеспегенін жоққа шығармады", - деп хабарлады Ақтөбе қаласының №3 сотының баспасөз қызметі.

Сот шартты бұзу және мүлікті зейнеткерге қайтару туралы шешім қабылдады. Сот шешімі күшіне енді, апелляциялық тәртіппен шағым жасалмады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир