Елордада бірнеше көше мен көпір жабылады

27.07.2020 в 11:50

Осыған байланысты көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше мен көпір жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бірнеше көшеде жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр:  

26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде;

26-30 шілде аралығында Рақымжан Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін;

26-31 шілде аралығында Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осыған байланысты көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.