Алматыда ата-аналар күніне орай автобус маршруттары іске қосылады

03.05.2022 в 16:11

Маршруттардың жұмыс тәртібі – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

Алматыда ата-аналар күніне орай уақытша автобус маршруттары іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ата-аналар күні – 2022 жылғы 3 мамыр – қала тұрғындарының Алматы зираттарына баруы үшін уақытша автобус маршруттары ұйымдастырылады:

- №88 бағдар «Қонаев көшесі-Батыс зират», жөнелту пункті - Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысы (7 автобус);

- «Алматы т/ж вокзалы - 1-Батыс зират» қосымша бағыты, жөнелту пункті - Алматы т/ж вокзалы-1 (3 автобус);

- «Алматы - 1 теміржол көпірі – төменгі Пятилетка зираты» қосымша бағыты, жөнелту пункті-Алматы-1 теміржол көпірі (2 автобус).

Маршруттардың жұмыс тәртібі – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.