Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасағандар қатаң жазаланады – Президент

16.03.2022 в 11:59

Мемлекет басшысы қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларының жиілеп кеткенін назарға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінде азаматтар мен қоғамшылдардың әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігіне қатысты өтініштері жиілеп кетті. Бас прокуратураға осы мәселені жан-жақты зерделеп, оны шешуді тапсырамын», – деді Президент Жолдау барысында.