|
14.03.2022 | 12:20
2433

Президент өзінің батыл әрекетімен мемлекетті сақтап қалды – Айман Омарова

Президент өзінің батыл әрекетімен мемлекетті сақтап қалды – Айман Омарова

Адвокат Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайты сілтеме жасап.

Айман Омарованың пікірінше, қаңтардағы оқиғалардың басты мақсаты билікті күшпен басып алу болған.

"Президент қана өзінің батыл әрекетімен хаосты тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды", - деді ол Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ адвокат тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар Президенттен кек алғанын айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен кейін ҰҚСК құрылып, саяси және басқа да реформалар жүргізіле бастады. Президент адам құқықтарына ерекше назар аударды. Шексіз билікке ие әрі адамдарды күшпен ұстаған ҰҚК үшін жағдай бақылаудан шыға бастады", - деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир