Сенат Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босатты

12.10.2023 в 12:07

Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Сембек Баймахановты, Өміртай Ыбыраевты және Ұлболсын Сүлейменованы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьялары лауазымдарынан босату туралы ұсынысын енгіздік. Барлық судья зейнет жасына толған және жұмыс өтілі 28 жылдан 37 жылға дейінгі аралықта. Олар судья  қауымдастығында лайықты беделге ие. Сіздердің қолдауыңызды сұраймыз», - деді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.