Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалады

01.05.2023 в 09:57

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады

Мамыр айында 3 бірдей мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады. 7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Демек жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына қазақстандықтар дүйсенбі 8 мамырда демалады.