Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, үшеуі тоқтатылды

14.01.2024 в 12:29

Қолайсыздық метео жағдайға байланысты емес

14 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес.

Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа райы сақталып отыр.

Әуеайлақтағы ауа температурасы -18. Желдің жылдамдығы - 12м/с.

Оқи отырыңыз: Жел, тұман, көктайғақ:14 қаңтарда ауа райы қандай болады