6 шілде Елорда күні болып қала ма

00.00.0000 в 00:00

Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді

ҚР Әділет министрлігі Конституцияға түзетулер қабылданса, елорда тұрғындары 6 шілдеде қала күнін тойлайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

16 қыркүйекте Парламент депутаттары елорданың бұрынғы атауы – Астана атауын қайтаратын Конституцияға өзгертулер енгізуді екі оқылымда қолдады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

«Астана күнін кейінге қалдыру туралы сөз жоқ. «Мерекелер туралы» заңға сәйкес Астана күні 6 шілдеде тойланады», - деді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

16 қыркүйектің Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға Қазақстандағы президенттік өкілеттік мерзімін қайта қарау бойынша түзетулер мақұлданды.