Биыл құрбандыққа шалынатын мал бағасы қандай

08.07.2022 в 12:35

Құрбан айт мерекесі ертең басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады

Еліміздің әр өңіріндегі құрбандыққа шалынатын қойдың орташа бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұсынылған бағаға сәйкес елімізде ең қымбат қой Алматыда, ал ең арзаны Таразда сатылады. 

Нұр-Сұлтан – 45-55 мың теңге;  Алматы – 75-85 мың теңге;  Шымкент – 50-60 мың теңге;  Семей – 50-60 мың теңге;  Көкшетау – 50-60 мың теңге;  Ақтөбе – 50-60 мың теңге;  Атырау – 60-90 мың теңге;  Орал – 70-80 мың теңге;  Тараз – 30-40 мың теңге;  Талдықорған – 35-45 мың теңге;  Қарағанды – 50-80 мың теңге;  Қостанай – 60-70 мың теңге;  Қызылорда – 55-65 мың теңге;  Ақтау – 50-85 мың теңге;  Павлодар – 55-65 мың теңге;  Түркістан – 50-60 мың теңге;  Жезқазған – 45-80 мың теңге;  Өскемен – 55-65 мың теңге;  Петропавл – 40-50 мың теңге;  Қонаев - 45-50 мың теңге. 

Айта кетейік, Құрбан айт мерекесі ертең басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстандықтар Qurban2022.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, онлайн режимде де құрбандық шала алады.