Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

10.04.2024 в 08:14

Бұл айда 11 демалыс күні бар

Қазақстандықтар мамырда үш мерекені атап өтеді. Соның арқасында бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚР мерекелері туралы» заңның 3-бабына сәйкес, мамырда қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 

9 мамыр – Жеңіс күні. 

Осылайша, жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады: 

бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2-3 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс;  алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс, 12 мамыр – демалыс.